418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде пәтерді жалдау бағасы 5 жылға дейін қымбаттамайды

  • 486
  • UPD: 15:02, 26.10.2019

Германия астанасында пәтерді жалға алу бағасы бес жылға дейін қымбаттамайтын болды. Берлин Сенаты осындай заң жобасын қабылдады.

Жалпы, қалада жалға алынатын баспананың орташа бағасы мың еуродан асады. Соңғы 7 жылда пәтерді жалға алу 70 процентке қымбаттаған. Берлинге жұмыс істеуге немесе оқуға келетін немістер мен шетелдіктер санының артуы нарыққа әсер еткен еді. Соңғы 5 жылда шаһарға 300 мың адам көшіп келді деген де дерек бар. Ал, салынған пәтер саны 55 мыңның маңы. Көктемде қала тұрғындары мұңын шағып, шеруге шыққан болатын. Содан кейін-ақ қала әкімшілігі шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Енді бір шаршы метр үшін жалға берудің бағасы 9 еуро 80 центтен аспауы тиіс. Талапты орындамағандарға 500 мың еуро көлемінде айыппұл салынады. 

Райнер Вилд, Берлинде баспананы жалға алушылар одағының директоры: 

- Баспананы жалға алудың бағасын шектейтін көп заңдар қабылданған, бірақ олар іс жүзінде істемейтін. Енді бізде нақты әрі түсінікті заң бар. Өткен жылы қымбат бағамен жасалған келісімдер қайта қарастыралытын күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы