384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда туристер арасында танымал тауға шығуға тыйым салынды

  • 215
  • UPD: 08:48, 27.10.2019
Австралияда туристер арасында танымал тауға шығуға тыйым салынды

Австралияның ең көрікті жерлерінің бірі саналатын Улуру жартасына шығуға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жер өңірдің байырғы тұрғындары анангу тайпасы үшін киелі мекен саналады. Кезінде олар бұл тауды жергілікті билікке 99 жылға жалға берген екен. Кейін мемлекет оны ұлттық паркке айналдырып, аймаққа туристер тарта бастаған. Сөйтіп уақыт өте таудың туристер арасында танымал болғаны соншалық оған жыл сайын 400 мың адам келетін болған. Осыған алаңдаған анангулықтар тауды сақтап қалу мақсатында оған шығуға тыйым салды.

Хабар 24 телеарнасы