380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ үй Дональд Трамптың жуық арада маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлады

  • 338
  • UPD: 12:35, 27.10.2019
Ақ үй Дональд Трамптың жуық арада маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлады

АҚШ президенті Дональд Трамп 27 қазан, яғни жексенбіде маңызды мәлімдеме жасайды.

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Хоган Гидли хабарлады.

«Дональд Трамп Америка уақыт бойынша сағат 9:00 маңызды мәлімдеме жасайды», – деп жазды Reuters агенттігі.

Ақ үйдің өкілдері оның осы жолғы мәлімдемесінің қандай боларын әзірге құпия ұстап отыр.

Хабар 24 телеарнасы