387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медициналық сақтандыруы жоқ мигранттар АҚШ аумағына кіре алмайды

  • 177
  • UPD: 14:02, 27.10.2019

Санаулы күндерден соң АҚШ-та медициналық сақтандыруы жоқ немесе медициналық шығындарды өтеуге қаржысы жеткіліксіз мигранттар ел аумағына кіргізілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Америка президенті жариялаған бұл жарлық 3 қарашадан бастап өз күшіне енбек. Яғни осыдан кейін жергілікті азаматтардың шет елде өмір сүретін және медициналық сақтандыруы жоқ туған-туыстары мен отбасылары үшін шекара түбегейлі жабылады. Жаңа ереже бойынша Құрама Штаттарға өз әке-шешесін әкелгісі келетіндерді де қиындық күтіп тұр. Осыған байланысты қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері Капитолий алдына жиналып, кедей мигранттарға қарсы жасалып отырған қатаң шешімдерге наразылық білдіруде.

Таня Виховски, Ұйым өкілі:

– Мен Нью-Гемпширдегі үкіметтік емес ұйымның өкілімін. Вашингтонға келгенімізге бір апта болды. Ел астанасында ұйымдастырылған шаралар арқылы біз Конгресстен халық мүддесін қорғайтын мәселелерді күн тәртібіне қоюларын сұраймыз. Бізді мигранттарға деген әділетсіз қарым-қатынас алаңдатады.

Хабар 24 телеарнасы