423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда табиғи апаттан он адам қаза тапты

  • 532
  • UPD: 13:28, 27.10.2019
Жапонияда табиғи апаттан он адам қаза тапты

Жапонияда толассыз жаңбыр мен тасқын су 10 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 3 азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғи апат Тиба мен Фукусима префектураларында орын алды. Аймақта бірнеше теміржол станциялары мен автокөлік жолдары су астында қалған. Бұған қоса, толассыз жаңбыр Нарита мен Токио әуежайлары арасындағы көлік қозғалысына да кедергі келтіруде. Салдарынан 5 мыңдай жолаушы әуежай терминалдарында түнеуге мәжбүр қалған.

Хабар 24 телеарнасы