429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАҚ: Атышулы лаңкестік ұйым жетекшісінің көзі жойылды

  • 865
  • UPD: 22:44, 27.10.2019
БАҚ: Атышулы лаңкестік ұйым жетекшісінің көзі жойылды

Атышулы «Ирак және Левант» террорлық ұйымының жетекшісі Абу Бакр аль-Бағдади АҚШ-тың арнайы операциясы барысында өлтірілген болуы мүмкін, деп хабарлайды Fox News.

RT басылымы арнайы операция өткен орын Сирияның Идлиб қаласы екенін атап өтті.

Сәйкестік пе, АҚШ президенті Дональд Трамп twitter-де «маңызды оқиға болды» деп жазды. Алайда нақты не туралы айтып отырғаны жұмбақ күйінде қалды.

Сондай-ақ кейбір дереккөздерде аль-Бағдадидің басы үшін 25 млн доллар тігілгені көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы