385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда ереуілшілер полициямен қақтығысты

  • 144
  • UPD: 15:14, 27.10.2019
Испанияда ереуілшілер полициямен қақтығысты

Барселонадағы жаппай наразылық акциясы басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Каталония тәуелсіздігінің жақтастары қайтадан полициямен қақтығысты. Қала көшелеріне шыққан наразы жұрт Испания Жоғарғы сотының каталониялық саясаткерлерге қатысты шығарған үкіміне қарсылық білдіруде. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша ереуілге жалпы саны 350 мыңға жуық адам қатысқан. Кейін жергілікті полиция ғимараты алдына жиналған халық тәртіп сақшыларына түрлі зат лақтырып, жағдайды одан әрі ушықтырыпты.

Айта кетейік, бұл қақтығыстан қанша адамның зардап шеккені әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы