427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Google Play-дегі вирус алаяқтарға телефон иесі туралы ақпарат жібереді

  • 757
  • UPD: 17:38, 27.10.2019
Google Play-дегі вирус алаяқтарға телефон иесі туралы ақпарат жібереді

Google Play дүкенінде гаджет қауіпсіздігіне қауіп төндіретін 42 қосымша анықталды.

ESET антивирус компаниясының мамандары қауіпті қосымшаларды миллиондаған қолданушылар жүктегенін айтты. Олар негізінен музыкалық ойнатқыштар, радио, видео және жазбаларды жүктеуге арналған бағдарламалар. Көптеген вирусты қосымшалар жоюға келмейді, себебі олар ұялы телефон жадында «тығылып қалады» екен. Зиянды бағдарламалар ұялы телефонда біршама орын алып, энергияны мөлшерден тыс пайдаланады, алаяқтарға телефон иесі туралы ақпарат жібереді.

Google компаниясының қауіпсіздік мәселесіне жауапты командасы осы қосымшаларды өшіріп тастаған. Алайда ESET компаниясының өкілдері бұл қосымшалар басқа дүкендерде сатылып жатқанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы