411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда ереуілдер қақтығысқа ұласты

  • 414
  • UPD: 19:21, 27.10.2019

Ливанда әскерилер ереуілшілер жауып тастаған жолды ашуға кіріскен кезде қарсылыққа тап болды. Аккар қаласы маңында болған осы оқиға кезінде бірнеше адам жарақаттанды. Мұнда сарбаздар мен ереуілшілер бір-біріне тас жаудырған.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, оқиға кезінде оқ атылған болуы мүмкін.  Айта кетейік, Ливандағы ереуілдер осымен екінші апта бойы жалғасып келеді. Наразы халық үкімет отставкаға кетіп, саяси жүйені реформалауды және қатаң үнемдеу шараларынан бас тартуды талап етіп келеді. Өз кезегінде ел премьер-министрі жоғары лауазымды тұлғалардың жалақысын қысқартуға және қоғам мүддесін қорғайтын өзгерістер енгізуге уәде берген.

Хабар 24 телеарнасы