418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа елдері қысқы уақытқа көшті

  • 756
  • UPD: 18:35, 27.10.2019
Еуропа елдері қысқы уақытқа көшті

Ресей мен Беларусьті қоспағанда Еуропаның барлық елдері қысқы уақытқа көшті.

Бүгін таңда еуропалық мемлекеттер сағат тілін бір сағат артқа жылжытты. Біздің елге келер болсақ, Еуропа мен Нұр-Сұлтанның уақыт айырмашылығы 5 бес сағат болады.

2018 жылы онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Еурокомиссия жазғы және қысқы уақытқа көшуді алып тастауға кеңес берген еді. Алайда кейбір сала, мысалы, әуе тасымалы мұндай қадамға дайын болмай шықты.

Ал биылғы еаурызда Еуропарламент 2021 жылдан бастап, жазғы уақытқа көшуді алып тастауды қолдап, дауыс берді. Дегенмен, кәрі құрлық елдері бұл мәселеде бір ауыздан ақырғы шешімге келген жоқ.

Deutsche Welle

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы