412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда наразы халық биліктен шұғыл сайлау өткізуді талап етті

  • 390
  • UPD: 09:20, 28.10.2019
Ливанда наразы халық биліктен шұғыл сайлау өткізуді талап етті

Ливанда осыдан екі апта бұрын басталған ереуілдің басылар түрі жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен демалыс күндері 4 млн халқы бар елдің 1 жарым млн тұрғыны Бейрут көшелеріне қайта шықты. Тіпті шет елде жүрген отандастары да қолдау көрсетіп Лондондағы Ливан елшілігінің алдына шықты. Жиналғандар үкіметтің отставкаға кетуін және биліктен шұғыл сайлау өткізуін талап етуде. Әдеттегідей ереуіл тыныш өткен жоқ. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Триполиде наразылар мен тәртіп сақшыларының арасында болған қақтығыстан 6 адам жарақат алды. Демонстранттар елде белең алған жемқорлыққа наразы. Экономикалық дағдарысқа ұшыраған елде жастардың 40 проценті екі қолға бір күрек таба алмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы