409,98 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрд-араб жасақтары Сирия-Түркия шекарасынан кетеді

  • 983
  • UPD: 09:20, 28.10.2019
Күрд-араб жасақтары Сирия-Түркия шекарасынан кетеді

Сирияның демократиялық күштерінің күрд-араб альянсы Сирия мен Түркия шекарасынан өз жасақтарын әкететінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді оларды үкіметтік әскер алмастырады. Осылайша күрдтер Ресей президенті мен Түркия басшысы Сочиде қол жеткізген келісімді мойындап отыр.

Еске салсақ, аталған екі ел басшылары Сирия мен Түркия шекарасындағы шиеленісті реттеу туралы меморандумға 22 қазанда қол қойған еді. Ол бойынша Түркия шабуылдауды тоқтатып, бұған дейін алған аймақты бақылайды.

Айта кетейік, күрд жасақтарының шиеленіс аймағынан кетуге 5 күн берілді. Оған Ресейдің әскери полициясы мен Сирия әскері көмектесіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы