412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТГИЛ басшысының өлімі туралы ақпаратты Трамп та растап отыр

  • 555
ТГИЛ басшысының өлімі туралы ақпаратты Трамп та растап отыр

Сириядағы «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының басшысы Абу Бакр аль-Багдади қаза тапты деген жаңалықты естіген ел тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

Айта кетейік, лаңкес қолға түспеу үшін жерасты жолында өзін жарып жіберген. Бұл ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп та растады. Ақ үй басшысы видео-үндеуінде арнайы әскери операцияға қолдау көрсеткен Ресей, Түркия, Сирия және Ирак тарапына алғыс білдірді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сириядағы арнайы операциясының сәтті өтуімен Ақ үй басшысын құттықтады. Сондай-ақ Ұлыбритания премьері Борис Джонсон да Аль-Багдадидің өлімі терроризммен күрестің маңызды қадамы деп атады.

Хабар 24 телеарнасы