384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия әскері Түркиямен шекаралас жерге жетті

  • 243
Сирия әскері Түркиямен шекаралас жерге жетті РИА Новости

Сирияның үкімет әскері елдің солтүстік-шығысындағы Түркиямен шекаралас жерге жетіп, Рас-эль-Айн қаласының маңындағы 4 елді мекенге кірді.

Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлайды.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Сирияның демократиялық күштерінің күрд-араб альянсы Сирия мен Түркия шекарасынан өз жасақтарын әкеткенін хабарлаған болатын. Енді оларды үкіметтік әскер алмастырады.

Қазанның 22-сі күні Сирия мен Түркия шекарасындағы шиеленісті реттеу үшін Ресей президенті мен Түркия басшысы Сочиде кездесіп, арнайы меморандумға қол қойған болатын.

Хабар 24 телеарнасы