423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияға тайфун салдарынан 1,5 млрд доллар шығын келді

  • 865
  • UPD: 15:14, 28.10.2019
Жапонияға тайфун салдарынан 1,5 млрд доллар шығын келді iz.ru

Жапония үкіметі осы күзде болған тайфундардан келген шығындарды есептеді. Тайфун салдарынан 170 миллиард иен (1,5 миллиард доллардан астам) шығын келген, деп жазады РИА.

Қыркүйек айында «Факсай» тайфуны 50,9 миллиард иен (шамамен 470 миллион доллар), ал қазан айында «Хагибис» 122,17 миллиард иен (1,1 миллиард доллардан астам) шығын келтірді. Жапонияның Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, 33 мың гектарға жуық егістік алқаптар жойылды.

«Хагибис» тайфуны соңғы 60 жылда болған ең қатты дауыл болды. Ол 12 қазан күні кешке Жапонияға соққы берген болатын. Соңғы мәліметтер бойынша 88 адам қайтыс болды, жетеуі хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінде, 4,5 мың адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылды. Әсіресе Фукусима, Ибараки және Ивате қалаларына қатты зақым келген.

Хабар 24 телеарнасы