380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияға қос тайфун салдарынан 1,5 млрд доллар шығын келді

  • 272
  • UPD: 23:26, 28.10.2019
Жапонияға қос тайфун салдарынан 1,5 млрд доллар шығын келді

Жапонияда қос тайфуннан келтірілген материалдық шығын шамамен 1 жарым миллиард долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апаттан әсіресе ауыл шаруашылығы қатты зардап шеккен. Айта кеткен жөн, биыл күзде күншығыс елінде «ФаксАй» және «ХагИбис» тайфундары ойран салған болатын. Күшті желмен қоса нөсер жауып, біраз өңірді су басқан. Ол аздай лай көшкіні де жүрген. Қос тайфун құрбандарының саны 90 адамнан асады. Енді жергілікті билік табиғи апат салдарын жоюға қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы