377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гаитиде ереуілшілер Канада елшілігіне шабуыл жасады

  • 308
  • UPD: 10:20, 29.10.2019

Гаитиде ереуілге шыққан жұрт Канада елшілігін жандырғыш қоспасы бар бөтелкелермен атқылады. Сондай-ақ дипломатиялық миссия ғимаратын қоршауға алып, артынан өрт қойған.

Тәртіпсіздіктер салдарынан бір полицей жарақат алды. Жергілікті билік дипломаттардан кешірім сұрап, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Негізі, әлемдегі ең кедей мемлекеттің бірі Гаитиде ақпаннан бері ереуілдер басылмай тұр. Жұрт президент Жовенель Моиздің отставкасын талап етуде. Ереуілшілер елдегі экономикалық ахуал нашарлап, шенеуніктер арасында жемқорлық деректері көбейіп кеткенін айтып, қынжылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы