432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда мультимедиа фестивалі өтті

  • 571
  • UPD: 13:20, 29.10.2019

Тбилисиде цифрлық өнердің мультимедиалық фестивалі өтті. Арт-жобаның басты мақсаты - Заманауи технологияның көмегімен суретшілер мен жазушылардың туындыларына жан біттіру. Бірегей шоуды біздің тілшіміз де тамашалады.

Грузияда тұңғыш рет «Цифрлық Тбилиси» фестивалі өтті. Өз өнерін жұртқа көрсету үшін Тбилисиге түрлі елдердің актерлері мен музыканттары жиналған. Бұл арт-жобаның басты мақсаты -бейнекөріністер мен дыбысты үйлестіріп, суретшілер, жазушылар мен музыканттардың туындыларын барынша көркемдеу. Заманауи технологиялар көрермендерді шоудың белсенді қатысушыларына айналдырған.

Алекс Ожие, музыкант:

- Мен үшін жобаға қатысу маңызды. Бұл белгілі бір тақырыпқа әуен жазып, оған визуализация жасау ғана емес, ол музыка, аудио мен көркемдеудің синтезі. 

Заманауи өнердің арқасында Тбилиси түндері осылайша үш күн бойы ерекше сәнге бөленбек. Бұл шара жастарды да, аға буынды да өте қызықтырған.  

Софо Хунцария, Тбилиси мэрінің орынбасары:

- «Цифрлық Тбилиси» өте қызық арт-жоба. Фестивальдің алдағы жылдары да жалғасатынына үмітім бар. Грузияда визуалдық өнерге көбірек көңіл бөлу жоспарда бар. Тбилисиді халықаралық әртістерге қызық болатын орталыққа айналдырудың маңызы зор. 

Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Цифрлық Тбилиси» жобасы Грузияға бүкіл әлемнің майталман өнерпаздарын тартып,  музыканттар мен әртістерді, медиасуретшілерді және жазушыларды біріктіре алады. 

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы