384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО венесуэлалық босқындарға қол ұшын созуға шақырды

  • 200
  • UPD: 14:20, 29.10.2019
ЕО венесуэлалық босқындарға қол ұшын созуға шақырды

Еуроодақ өкілдері халықаралық қауымдастықты Венесуэладан қашқан босқындарға көмек көрсетуге шақырып отыр.

Айтуларынша, ел тұрғындарының жан-жаққа бас сауғалауына экономикалық және саяси дағдарыс себеп. Оның үстіне АҚШ-тың санкциялары халықтың онсыз да мәз емес жағдайын ушықтырып жіберген. Жалпы, халықаралық ұйымдардың мәлімдеуінше, әлеуметтік және экономикалық түйткілдер кесірінен,,, Венесуэладан 4 жарым миллионға тарта адам өзге елдерге кетіп қалған. Көбі көрші Колумбияны паналауда. Сарапшылар мұны "Латын Америкасындағы ең ірі көші-қон дағдарысы" деп отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы