384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Йемен аумағына қауіпті қару түрін орнатып жатыр

  • 238
  • UPD: 08:01, 30.10.2019
Иран Йемен аумағына қауіпті қару түрін орнатып жатыр

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху «Иран зымырандарды Израильге соққы беру үшін қолданады» деген пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ол АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучинмен кездескенде мәлімдеді. Оның айтуынша, Иранда өндірілетін қарумен Таяу Шығыстың кез келген жеріне шабуылдауға болады. Сонымен қатар зымырандар Йеменнен басқа Ирак пен Сирияда да орнатылмақ. Мнучин болса АҚШ Иранға қарсы экономикалық санкцияларды күшейтеді деп уәде етті.

Хабар 24 телеарнасы