412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрд жасақтары Сирия –Түркия шекарасы аумағынан шығарылды

  • 627
  • UPD: 11:27, 30.10.2019
Күрд жасақтары Сирия –Түркия шекарасы аумағынан шығарылды

Сирия мен Түркия шекарасындағы аймақ күрд жасақтарынан тазартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Осылайша өткен аптада Анкара мен Мәскеудің жасасқан келісімі өз нәтижесін берді. Оған сәйкес, Сирияның шекара қызметі мен Ресей әскері «қауіпсіз аймақтан» барлық күрд жасақтары мен олардың қару-жарағын шығару керек болатын. Операция мерзімнен бұрын аяқталды. Енді тараптар арасындағы аймақтағы әскерилердің алдағы міндеті мен жұмысы жайында келіссөздер өтетін болады.

Хабар 24 телеарнасы