384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та науқастың дертті ауырсынуын басатын дәріден өлім-жітім артты

  • 159
  • UPD: 22:24, 30.10.2019
АҚШ-та науқастың дертті ауырсынуын басатын дәріден өлім-жітім артты

АҚШ-та опиоидтардан көз жұму деректері артып кеткен. Бұл зат медицинада ауыруды басу үшін қолданылады.

Оны көкнәрдан немесе синтетикалық заттардан дайындайды. АҚШ-та опиоидтарды артық мөлшерлеу салдарынан күніне 100-ден аса адам көз жұмады. Жалпы есірткі негізіндегі ауыруды басатын препараттарды қолдануға қатысты өлім деңгейі жол-көлік апаттарына қарағанда жоғары болып отыр. Осыған байланысты Дональд Трамп төтенше жағдай енгізуге ниетті екенін мәлімдеген. Сонау 90-шы жылдардың соңында фармацевтикалық компания өкілдері «науқастар мұндай ауыруды басатын заттарға тәуелді  болмайды» деген еді. Сөйтіп, уақыт өте препараттар рецепсіз таратыла бастаған. Енді міне бүгінде АҚШ-та олардан жыл сайын 40 мыңнан аса адам ажал құшып отыр.  

Шейзи, нашақорлыққа қарсы қозғалыс белсендісі:

- Соңғы екі жыл біз опиОидтар эпидемиясымен күресіп келеміз. Жағдай бақылаудан шығып барады. Сондықтан конгрессмендермен кездеспекшіміз. Енді бар үміт соларға артылып отыр. 

Алис, жергілікті тұрғын:

- Бұл эпидемиядан жастардың, балалардың көз жұматыны өкінішті. Сорақысы сол, оларға ешкім көмектесе алмайды. Сондықтан бағдарлама дайындау керек. Есірткіге тәуелді адамдарды құтқаратын кез келді.

Хабар 24 телеарнасы