384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда президенттік сайлау қорытындысы дау туғызды

  • 175
  • UPD: 08:59, 31.10.2019
Боливияда президенттік сайлау қорытындысы дау туғызды

Боливиядағы президенттік сайлау қорытындысын халықаралық қауымдастық – Америкалық мемлекеттер ұйымы тексереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі 20 қазанда өткен саяси дода жаппай ереуілдерге түрткі болды. Жоғарғы сайлау сотының мәліметіне сәйкес, бірінші кезеңде қазіргі президент Эво Моралес жеңіске жеткен. Алайда оның басты қарсыласы – оппозиция өкілі Карлос Меса мұны мойындамай қойды. Бұл үміткердің жақтастары да сайлау нәтижелері бұрмаланды дегенді алға тартып, наразылық шараларын ұйымдастырумен келеді. Ал президент жаппай ереуілдерді мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс деп айыптап отыр.

Хабар 24 телеарнасы