385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Непалдық альпинист әлемдік рекорд орнатты

  • 138
  • UPD: 09:01, 31.10.2019

Непалдық альпинист жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нирмал Пурджа 6 ай және 6 күн ішінде әлемдегі ең биік 14 тауды бағындырған. Шыңдардың барлығы «ажал аймағында», яғни теңіз деңгейінен 8 мың метр жоғары орналасқан. 36 жастағы Нирмал Пурджа бұған дейін британдық әскерде қызмет еткен. Бірақ рекорд орнату үшін әскерден кетіп қалған. Тіпті бар жиған-тергенін осы жобаға салған екен. Осылайша альпинист әлем жұртшылығының назарын климаттың өзгеруі мәселесіне аудартпақ болыпты.

Нирмал Пурджа, альпинист:

– Шыңдарды бағындыру кезінде менімен бірге тағы 4 альпинист болды. Барлығымыз Непалданбыз. Талай қиындыққа тап болдық. Бірақ ең бастысы – өзіңе сену. Сонда ғана талай белесті бағындыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы