418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда құмар ойын бизнесі қалай қадағаланады

  • 695
  • UPD: 11:42, 31.10.2019

Германияда құмар ойын бизнесі заңмен қадағаланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн казино немесе ойын залдары заңды бұзған жағдайда міндетті түрде қатаң жазаланады. Германияның әр федералды аймағында құмар ойындарға қатысты өз заңы бар. Оның ең қаталы Берлинде. Онда 2011 жылы 600 ойын мекемесінің 200-ге жуығы жабылды. Мәселен, жергілікті заңға сәйкес ойын залдары мектептің жанында салынбауы керек. Тек радиусы 500 метр жерде бір ғана ойын кеңсесі болуы мүмкін. Ереже бұзылса, бизнес иесі жарты миллион еуро айыппұл төлейді. Мейрамханалар мен барларда да кездесетін ойын автоматтарының саны екеуден аспайды. Ал бұл дертке тәуелді болып, жиі ұтылатындар қара тізімге еніп, казиноға кіре алмайды. Онлайн ойын бизнесі Германияның Шлезвиг-Гольштейн аймағынан басқа барлық федералды жерінде тыйым салынған. Сондықтан болар, ойынқұмарлар Еуроодақтағы өзге елдің сайттарын қолданады.

Михэль, Берлин тұрғыны:

Онлайн ойындардың зияны бар деп ойламаймын. Әрине оны да бақылауда ұстау керек. Мысалы жас ерекшелігі бойынша адам 21-ден асу тиіс. Оларды жарнамалаудың да қажеті жоқ. Өзім ойынға  қатты берілмесем де кейде лото ойнайтыным бар.

Ларс, Берлин тұрғыны:

– Мектептің жанында ойын залдары салынбауы тиіс. Үлкендер жас буынға үлгі көрсетіп, балаларға мұндай көңіл көтеру шаралар тек ересектер үшін ғана екенін түсіндіру керек деп ойлаймын. Ойынға тәуелділер мұндай жерлерге мүлдем жоламау керек. Өйткені соның кесірінен қолдағы барынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы