418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорниядағы өрт Рональд Рейганның кітапханасына жақындап қалды

  • 403
Калифорниядағы өрт Рональд Рейганның кітапханасына жақындап қалды

Калифорниядағы өрттің ауқымы барған сайын ұлғайып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, қызыл жалын АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейганның кітапханасына қарай бет алды. Ғимаратта кітапханадан бөлек мұражай да орналасқан. Қазір онда өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері бар. Аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды. Мамандар қауіпсіздік мақсатында ғимараттан құнды заттарды шығарып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы