388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook 644 мың доллар айыппұл төлейді

  • 209
Facebook 644 мың доллар айыппұл төлейді

Facebook компаниясы әлеуметтік желінің деректер құпиялылығын бұзғаны үшін Британияға 644 мың доллар немесе 500 мың фунт стерлинг айыппұл төлеуге келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Cambridge Analytica орталығы миллионға жуық адамның жеке ақпаратын заңсыз таратқаны анықталған. Бұл туралы Британиядағы ақпарат комиссары басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Десе де, Facebook тағылған айыпты мойындамай отыр. Айта кетейік, Facebook төңірегіндегі жанжал 2018 жылдың наурыз айында басталған болатын. Болжам бойынша, жиналған ақпарат саяси жарнама үшін қолданылған.

Хабар 24 телеарнасы