388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда әділет министрі жарының кесірінен отставкаға кетті

  • 183
  • UPD: 15:29, 31.10.2019
Жапонияда әділет министрі жарының кесірінен отставкаға кетті

Жапония үкіметінде саяси дау туды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әділет министрі депутат болып қызмет ететін жарының сайлаудағы заңбұзушылық әрекетіне байланысты отставкаға кетті. Осылайша, Кацуюки Каваи сайлаумен байланысты жанжал кесірінен қызметінен кеткен екінші министр болып отыр. Бунсюн басылымының хабарлауынша, Каваидің жары өз сайлау штабындағы қызметкерлерге заңмен қарастырылған үстемеден артық ақша төлеген.

Айта кетейік, Анри Каваи шілде айында Жапония парламенті жоғарғы палатасының депутаты болып сайланған еді. Ал өткен аптада елдің сауда министрі Иссю Сугавара мен оның көмекшілері өз жақтастарына ақша мен сый ұсынды деп айыпталған соң, министр отставкаға кеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы