427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чили президенті саммит өткізуден бас тартты

  • 652
  • UPD: 15:29, 31.10.2019
Чили президенті саммит өткізуден бас тартты

Чили президенті Себастьян Пиньера ел аумағында өтуі тиіс болған Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті мен климат жөніндегі COP25 форумын өткізуден бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған елдегі жаппай тәртіпсіздік себеп болып отыр. Мемлекет басшысы аталған шараларды өткізудің маңызын айтып, олардан бас тарту қиынға соққанын жеткізді.

Айта кетейік, АТЭЫ саммиті Чилиде қарашаның 13-14 күндері өтуі тиіс болатын.

Хабар 24 телеарнасы