381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістандағы пойыз өртінен қаза тапқандардың саны 73-ке жетті

  • 401
  • UPD: 15:27, 31.10.2019
Пәкістандағы пойыз өртінен қаза тапқандардың саны 73-ке жетті

Пәкістанның Пенджаб провинциясында пойыз жарылып, артынша өртеніп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиғадан 73 адам көз жұмды. Тағы ондаған адам жарақат алды. Пойыз Карачиден Равалпинди қаласына қарай бағыт алған. Алдын ала болжам бойынша, теміржол көлігіндегі газ балоны жарылған. Қызыл жалын 3 вагонды орап алған. Теміржол министрлігінің айтуынша, адамдар жүріп бара жатқан пойыздан секірмек болып мертіккен. Қаза тапқандарды тану мүмкін емес. Оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу ісі басталды.

Пәкістанда пойыз өртеніп, 25-ке жуық адам мерт болды

Пәкістанда пойызда болған өрттен қаза болғандар саны 62-ге жетті

Хабар 24 телеарнасы