424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дания «Солтүстік Ағым-2» құрылысына келісті

  • 627
  • UPD: 17:40, 31.10.2019
Дания «Солтүстік Ағым-2» құрылысына келісті

Дания «Солтүстік Ағым-2» құрылысына рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін корольдік құбыр құрылысына қарсылық білдіріп келген еді. Жоспар бойынша бұл жоба 2019 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс болатын. Бірақ ұзақ уақыт бойы Дания құрылысты мақұлдамай келді. Тіпті табиғи газ құбыр желісі жобасының операторы саналатын «Газпром» компаниясы 3 рет өтінім де білдірген. Ақырында Дания құбыр жүргізуге келісімін берді. Бірақ елдің талабы бойынша құбыр құрылысы экологияға кері әсерін тигізбеуі керек. Және ол кеме қатынасына да кедергі келтірмеуі қажет.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

– Біз мұндай шешімді қолдаймыз. Дания өз мүддесін, Еуропадағы негізгі серіктестерінің мүддесін қорғайтын ел ретінде, өзін халықаралық қатынастың жауапты мүшесі ретінде танытты. Себебі Еуропа елдері өз нарықтарына ресейлік көмірсутек тасымалының әртараптандырылуына асқан қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, «Солтүстік Ағым-2» Ресей мен Германияны тағы 2 газ құбырымен жалғамақ. Десе де, жоба құрылысына бірнеше ел қарсы. Украина газ тасымалынан түсетін кірістен айырылып қаламын ба деп алаңдаулы. Сондай-ақ, АҚШ, Латвия, Литва және Польша құбыр құрылысын мақұлдамайтындығын бірауыздан жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы