384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрақ мәселесі қырғызстандық көлік жүргізушілерін де қинайды..

  • 186
  • UPD: 22:35, 31.10.2019

Бішкекте де көлік тұрақтары өзекті мәселе, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы билік бұл жағдайды ақылы тұрақ арқылы шешпек. Ал түскен табысқа жаңа көлік тұрақтарын салуға болады

Көлік тұрақтары мәселесін шешу үшін Бішкек басшылығы қаланы төрт бөлікке бөлуді көздеп отыр. Әрқайсысында тұрақ ақысы әртүрлі болмақ. Ең қымбаты қала орталығында, бір сағаты – 30 сом, яғни 150 теңге. Сағат сайын бағасы да артып тұрады. Ал бір тәулікке қойса, белгіленген баға 50 сом төлейді. Соңғы деректерге сүйенсек, Бішкекте 400 мың автомобиль тіркелген.

Асан Даирбеков, көлік жүргізуші:

– Иә, көлік көп, оны қоятын орын жоқ. Кейде тұрақ табу үшін, екі-үш көше қиылысын асып өтемін. Осында бір көпқабатты тұрақ салса, қарсы болмас едім. Көлігімді жақын қою үшін ақша төлеуге дайынмын. 

Қаладағы жолдардың көбі Кеңес Одағы кезінде жобаланған. Қазір көлік көбейді. Сондықтан бұл көшелер тарлық етеді. Ал жаңа салынған аудандарда жағдай біршама тәуір. Өйткені көлік тұрақтарынсыз құрылыс жүргізуге рұқсат берілмейді.

Назгүл Қойбағарова, «Бішкек бас архитектура» мекемесінің маманы:

– «Бішкек бас архитектура» республикада бекітілген нормативтік талаптарға сәйкес жобалау мен құрылысқа рұқсат құжаттарын береді. Ол бойынша, құрылыс нысандарының түгелінде көлік тұрақтарының белгілі бір мөлшерін салу қарастырылған. Тек осындай жағдайда ғана құрылысқа рұқсат беріледі. 

Бішкек мэриясы ақылы көлік тұрақтарын жеке меншікке беруді көздеп отыр. Ал оған рұқсат аукцион арқылы беріледі. Иесі тұрақты арнайы автоматтармен жабдықтауы тиіс.

Авторы: Бақыт Чермашев.

Хабар 24 телеарнасы