388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрақ жоқ, айыппұл көп – Грузиядағы көлік жүргізушілері билікке наразы

  • 122
  • UPD: 22:36, 31.10.2019

Грузия билігі де жаңа көлік саясатын қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, көлікті белгіленбеген аумаққа қойғандар үшін айыппұлдың мөлшерін бес есе арттырды. Ал Тбилисидің екі көшесінде ақылы тұрақ пайда болды. Мұндай тұрақтардың санын алдағы уақытта көбейте бермек.

Осы аптада тәртіп бұзушылық Кодексіне енгізілген түзетулер күшіне енді. Енді электрмобильдер немесе мүгедектерге арналған орындарға өз көлігін қойған немесе көлік тұрағына қатысты өзге ережелерді бұзған жүргізушілер 5 есе артық айыпұл төлейтін болды.

Каха Каладзе, Тбилиси қаласының мэрі :

– Көлік тұрағы ережесін бұзғаны үшін айыппұл бұрын 3,4 доллар еді. Біз Парламенттен айыппұл мөлшерін арттыруды сұрадық.  Кеше үшінші қараудан кейін парламент айыппұл мөлшерін 17 долларға дейін көтерді. Бұл шаралар қаладағы көлік кептелісі мәселесін реттеу үшін қабылданған.

Алайда тұрғындар алдымен көлік қоятын орындармен қамтамасыз етпей тұрып, айыппұл мөлшерін көтерген билікке наразы. Техника көбейген Тбилиси үшін бұл өзекті мәселе.

Григол Хасия, Тбилиси қаласының тұрғыны:

– Бізде дұрыс көлік тұрақтары жоқ. Өкімет алдымен көлік қоятын орындар құру керек еді. Егер айыппұлды көтерсе, тұрақтар санын да көбейтуі қажет. Әйтпесе көлігімізді қайда қоямыз?

Джонни Чаганава, Тбилиси қаласының тұрғыны:

– Әрине маған ұнаған жоқ, өйткені халықты қысып отыр. Олай болмауы керек. Алдымен инфрақұрылымды реттеп алуы керек еді.

Борис Мамиствалов, Тбилиси қаласының тұрғыны:

– Халық заңға бағынуғы тиіс. Әр адам қалаған жерінде көлігін қойса не болады? Мен көлік қоятын орын іздеудің орнына, 2 лари төлер едім.

Тбилиси мэрінің айтуынша, жаңа заң қалалық автобустар жаңартылғаннан кейін барып қолданысқа енеді. Ал айыппұл мөлшерінің көбейгені туралы ақпарат әр тұрғынның ұялы телефонына смс арқылы жіберіледі.

Авторы: Юлия Тужилкина.

Хабар 24 телеарнасы