384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде қайталанған жер сілкінісінен 3 адам қаза тапты

  • 185
  • UPD: 07:36, 01.11.2019
Филиппинде қайталанған жер сілкінісінен 3 адам қаза тапты

Филиппиннің оңтүстігінде 6,5 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 3 адам ажал құшып, тағы сегізі жараланған.

Опырылып құлаған ғимарат үйінділерінің астында адамдар болуы мүмкін деген болжам бар. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Зілзала ошағы Давао қаласына жақын жерде орналасқан. Салдарынан шаһардағы мектептер уақытша жабылған. Біраз мекемелер де жұмыс істемей тұр. Негізі осы аптада ғана өңірде 6,5 балдық жер сілкінісі болған еді. Ол кезде 1 адам көз жұмып, 40-тан астамы жараланған.

Хабар 24 телеарнасы