385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде жол апатынан 19 адам көз жұмды

  • 161
  • UPD: 12:04, 01.11.2019
Филиппинде жол апатынан 19 адам көз жұмды iz.ru

Филиппинде қарт адамдар мінген жүк көлігі жартастан құлап, 19 адам қаза тапты.

Жол апаты салдарынан 22 адам жарақат алды. Бұл туралы Inquirer хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жолаушылар үкіметтен жәрдем ретінде ақшалай көмек пен тұқым алу үшін Калинга провинциясына келген. Үйлеріне қарай бет алып бара жатқанда көліктері апатқа ұшыраған.

Филиппин көлік жолдары басқармасы өкілінің айтуынша, көлік жүргізушісі тежегіштегі ақауға байланысы көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан көлік жартастан кұлап, аударылып қалған.

Хабар 24 телеарнасы