378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирактағы ереуілдерде бір айда 250 адам көз жұмған

  • 260
  • UPD: 11:52, 01.11.2019
Ирактағы ереуілдерде бір айда 250 адам көз жұмған

Иракта қазандағы тәртіпсіздіктер салдарынан 250 адам көз жұмған. Ал бір айдағы жарақат алғандардың саны 11 мыңнан асады.

Жергілікті парламенттің адам құқықтары жөніндегі комитетінің мәліметі осындай. Еске сала кетсек, Иракта 1 қазаннан бері жаппай ереуілдер басылмай тұр. Халық жұмыссыздық деңгейінің артып, мемлекеттік органдарда жемқорлықтың өршуіне осылай наразылығын білдіруде. Көп жағдайда шеру соңы полицей және әскерилермен қақтығысқа ұласып жатыр. Салдарынан бір ай ішінде 2500 адам тұтқындалды. Олардың 500-і әлі күнге дейін қамауда отыр.

Хабар 24 телеарнасы