388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия мигранттың мұңына құлақ аспайтын құжат үшін сынға ұшырады

  • 125
  • UPD: 13:26, 01.11.2019
Грекия мигранттың мұңына құлақ аспайтын құжат үшін сынға ұшырады

Халықаралық құқық қорғаушылар Грекия билігін көші-қон туралы заңнан бас тартуға шақырып отыр.

Құжат баспана берілмеген жағдайда өзге ел азаматтарына шағымдануға рұқсат бермейді және оларды отанына кері қайтару процесін жеңілдетуді көздейді. Енді заң жобасы осы аптада парламентте талқылануы тиіс. Айта кеткен жөн, Грекияға бір ғана қыркүйек айында 12 мыңнан аса мигрант келген екен. Бұл соңғы 3 жарым жылдағы ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Осы ретте жергілікті билік босқындарды қабылдайтын орындар тапшы екенін айтуда.

Хабар 24 телеарнасы