388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея тікұшағы Жапон теңізіне құлады

  • 151
  • UPD: 15:13, 01.11.2019
Корея тікұшағы Жапон теңізіне құлады

Жапон теңізіне Оңтүстік Кореяның тікұшағы құлады. Бортта болған 7 адамның тағдыры беймәлім.

Құтқару-іздестіру операциясына ондаған әскери кеме мен тікұшақтар жұмылдырылды. Белгілі болғандай құлаған тікұшақта жараланған балықшы, оның досы мен құтқару қызметінің 5 маманы болған. Олар балықшыны ауруханаға жеткізбек болды. Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебі әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы