384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда полиция 400 келі есірткіні тәркіледі

  • 235
  • UPD: 15:22, 01.11.2019
Австралияда полиция 400 келі есірткіні тәркіледі

Австралия полициясы мен шекара қызметі метамфетаминді контрабандалық жолмен саудалаған 4 адамды қолға түсірді.

Есірткі чили тұздығының ішіне салынған. Қаскөйлер салмағы 400 келі ірі есірткі партиясын 768 бөтелкенің ішіне тығып, қорапшаға салған. Жүкті АҚШ-тан Австралияға ұшақпен жеткізді. Мамандар тәркіленген есірткіні 300 млн австралиялық долларға бағалап отыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы