419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та орман өртін сөндіруге жазасын өтеушілер жұмылдырылды

  • 424
  • UPD: 11:44, 02.11.2019
АҚШ-та орман өртін сөндіруге жазасын өтеушілер жұмылдырылды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы алапат орман өрті Сан-Бернардино қаласына қауіп төндіре бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау салдарынан мұнда 4 үй күлге айналған. Қазір жергілікті билік тұрғындарды жаппай қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Ал кеше қызыл жалын Сэми-Вэллиге жеткен еді. Осыған байланысты өртті сөндіруге алғаш рет түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтар жұмылдырылды. Айта кетейік, Калифорниядағы өрт бір апта бойы дес бермей тұр. Өңірде төтенше жағдай режимі жарияланып, 220 мың адам эвакуацияланды. Алдын ала болжам бойынша алапат өртке электр желісіндегі апат себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы