384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылайды

  • 237
  • UPD: 11:44, 02.11.2019
Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылайды

Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылай бастады,  бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылды. Министрлік мәліметіне сай, орыс әскери полициясы мен Түркия шекарашылары ортақ күзет жүргізу мақсатында «Дербисия» кедендік өткелінде кездескен. Енді олар өз міндеттерін орындау үшін Түркия – Сирия шекарасымен батыс бағытта жылжиды. Күзет құрамына бірнеше әскери техника жұмылдырылған. Атап айтқанда, Ресейдің брондалған«Тигр» және «Тайфун» мен Түркияның Кирпи көліктері бар. Айта кетейік, жуырда Түркия басшысы Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі кездесуінде Анкара мен Мәскеу Евфрат өзенінен шығысқа қарай Сирия мен Түркия шекарасын бірге бақылау жөнінде келісімге келген болатын.

 

Хабар 24 телеарнасы