384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда 3,7 см тісті жұлған дәрігер рекорд орнатты

  • 213
  • UPD: 11:42, 02.11.2019
Германияда 3,7 см тісті жұлған дәрігер рекорд орнатты

Германияның Оффенбах қаласында тіс дәрігері емделушісінің ұзындығы 3,7 сантиметр тісін жұлып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Тенгри ньюс РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Науқас 2018 жылы тіс дәрігеріне жақтың жоғарғы бөлігінің ісінуі мен қатты ауырсынуына шағымданған. Рентген суреті тістердің біреуі ерекше ұзын екенін көрсетті. Дәрігер Макс Лукас оны дереу алып тастауға кеңес берген, кейін ота кезінде тіс суреттегіден де ұзын болып шыққан. Дәрігер Гиннесс рекордтар кітабына кіру үшін қажетті құжаттарды жинау және тісті тексерту үшін бір жыл уақыт жұмсаған. 

Хабар 24 телеарнасы