439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция-Италия шекарасында жүк көлікке мінгескен пәкістандық 31 мигрант ұсталды

  • 356
  • UPD: 23:41, 02.11.2019
Франция-Италия шекарасында жүк көлікке мінгескен пәкістандық 31 мигрант ұсталды

Францияның оңтүстігінде полиция тоқтатқан жүк көліктен пәкістандық 31 мигрант шықты.

Көліктің жүргізушісі де пәкістандық болып шықты. Жүк көлігі жоспарлы тексеру барысында қолға түскен.

Ницца прокуратурасының мәліметінше, ұсталғандардың үшеуі жасөспірім, ал қалғандары жас жігіттер.

Оқиға барысында мигранттар Италия билігіне тапсырылды. Ал жүргізуші қамауға алынды.

Nice Matin

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы