386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Белгілі актер Брайан Тарантина қайтыс болды

  • 212
  • UPD: 17:15, 03.11.2019
Белгілі актер Брайан Тарантина қайтыс болды

Құқық қорғау органдары әртістің ажалы есірткіні шамадан тыс қабылдаудан болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Америкалық актер Брайан Тарантина 60 жасында көз жұмды. Бұл туралы TMZ. басылымы хабарлады.

Өнер иесінің мүрдесін жиені хал-жағдайын білмекке үйіне барғанда тауып алған. Айтуынша, Тарантина бірнеше ай бойы жүрек ауруынан зардап шеккен, ақыры сырқаты оны алып тынды.

Ал тәртіп сақшылары мәйіттің қасында есірткіге ұқсас ақ ұнтақ болғанын мәлімдеді. Яғни, танымал актер оны шамадан тыс қолданып, өліп кеткенге ұқсайды. Дегенмен бұл ақпарат әлі расталмады. 

Еске салсақ, Брайан Тарантина «Талантливый мистер Рипли», «Путь Карлито» және «Донни Браско» фильмдердегі образдарымен киносүйер қауымның есінде қалды.

Аударған: Н.Т

Хабар 24 телеарнасы