423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Егіз панданың танысу сәті жүректерді елжіретті... (видео)

  • 710
  • UPD: 16:48, 03.11.2019
Егіз панданың танысу сәті жүректерді елжіретті... (видео)

Берлиндегі жануарлар паркі twitter-де екі айлық егіз панданың танысу сәті бейнеленген видеоны жариялады.

Бір-бірімен бастарын түйістіріп танысқан төлдер көпке дейін сол қалыптан ажырамаған. Ал осы уақытта Мэн Мэн есімді енесі бамбук ағашын мүжіп, оларды бірнеше метр қашықтықта отырып бақылаған.

Егіздердің әрқайсының салмағы 3 келіден сәл асады. Қонжықтар қатты ұқсайды, десе де зообақтағылар оларды ажырата алатындарын айтты.

Айта кетейік, пандалардың егіз табуы өте сирек жағдай. Әдетте олар дүниеге бір ғана төлден әкеледі.
Хабар 24 телеарнасы