385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде болған зілзала 21 адамның өмірін қиды

  • 146
  • UPD: 18:43, 03.11.2019
Филиппинде болған зілзала 21 адамның өмірін қиды

Қазан айының соңы филиппин халқына қайғы әкелді.

29 және 31 күндері Минданао аралында магнитудалары 6,6-6,5 болатын жер сілкіністері тіркелді. Одан кем дегенде 21 адам қаза тауып, 432 тұрғын зардап шекті.

Бұл туралы Philippine Daily Inquirer жергілікті қауіпсіздік кеңесіне сілтеме жасап хабарлады.

Табиғат апатынан келген шығын айтарлықтай. 27 мың үй қирап, 854 мектеп, 73 медициналық орталық жарамыз күйге түсті. Сондай-ақ  4,3 мыңдай отбасы баспаналарынан безіп кетуге мәжбүр болған, деп жазды РТ.

Аударған: Н.Т

Хабар 24 телеарнасы