409,98 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириялық босқындар еліне оралып жатыр

  • 532
  • UPD: 19:08, 03.11.2019
Сириялық босқындар еліне оралып жатыр

Соңғы 10 күн ішінде 94 мың сириялық босқын үйіне оралған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ-ның өкілдері хабарлайды. Айта кеткен жөн, 9 қазанда Түркияның қарулы күштері көрші Сирияда әскери операция бастаған. Іс-шараның мақсаты – шекаралық өңірді лаңкестерден азат етіп, босқындар үшін қауіпсіз аймақ құру болатын. Алайда атыс-шабыс салдарынан біраз тұрғын көрші Ирак, Иордания мен Ливанға бас сауғалаған. Ал қазанның аяғында Сочиде меморандумға қол қойылып, Түрік тарапы әскери шараны тоқтатуға келіскен. Сөйтіп, босып кеткен халықтың біраз бөлігі үйлеріне орала бастаған.

Хабар 24 телеарнасы