388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда автобус апатынан 33 адам зардап шекті

  • 161
  • UPD: 22:53, 03.11.2019
Францияда автобус апатынан 33 адам зардап шекті

Парижден Лондонға бет алған Flixbus автобусы аударылып, 33 адам жапа шекті.

Оның 29-ы жеңіл жарақатпен құтылса, 4-еуінің жағдайы ауыр көрінеді. Бұл туралы Courrier Picard басылымы жазды.

Ал RT сайты оқиға Перон коммунасына жақын маңда болғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, асфальттың су болуы автобус қозғалысына кедергі келтіріп, ақыры бұрылыс кезінде жолдан шығып кеткен. Кейін қоршауға соғылып, аударылған.

Дайындаған: Н.Т

Хабар 24 телеарнасы