384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аятолла али Хаменеи Вашингтонмен қарым-қатынас туралы айтты

  • 213
  • UPD: 14:05, 04.11.2019
Аятолла али Хаменеи Вашингтонмен қарым-қатынас туралы айтты

АҚШ пен Иран арасындағы тартыстың шешілер түрі жоқ. Тегерандағы АҚШ елшілігін басып алу оқиғасына 40 жыл толуына орай сөз сөйлеген Иранның жоғарғы рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменеи Тегеранның Вашингтонмен келіссөздер өткізуге қарсы екенін кесіп айтты.

Оның пікірінше, бұл арадағы шиеленісті реттеуге еш септігін тигізбейді. Естеріңізге салайық, Тегеран және Вашингтон арасындағы қарым-қатынас 2018 жылы ушыға түсті. Иран 2015 жылы уранды байыту деңгейін азайтуға келіскен болатын. Бірақ 2018 жылдың мамырында АҚШ тарапы Тегеранды «ядролық қару жасап жатыр» деп айыптап, келісімнен шығарып тастаған.

Хабар 24 телеарнасы