384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта ереуіл салдарынан теңіз порты жұмысын тоқтатты

  • 201
  • UPD: 14:17, 04.11.2019
Иракта ереуіл салдарынан теңіз порты жұмысын тоқтатты

Иракта халықтың жаппай ереуілі тәртіпсіздікке ұласты. Қақтығыстардың салдарынан Басра қаласының маңындағы Умм-Каср кемежай өз жұмысын тоқтатты.

Демонстранттар портқа апарар жолды жауып тастаған. Айта кетейік, теңіз арқылы Иракка бидай, май мен қант жеткізіледі. Осыған орай елдің премьер-министрі Адель Абдул Махди ереуілді тоқтатуын талап етіп, наразылық акциялардың ел экономикасына тигізетін зардабын ескертті. 

Естеріңізге салайық, Ирактағы ереуіл қазан айының басынан бері жалғасып келеді. Ашынған халық елде белең алған жұмыссыздық пен жемқорлыққа наразы.

Хабар 24 телеарнасы